Біздің бала бірінші орын алды

Жақында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп жасындағы балалардың арасында «Табиғатты және экологияны сақтау», «Жануарлар әлемін сақтау», «Қоқыстарды сұрыптау» тақырыптарында сурет салу конкурсын ұйымдастырды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 85395 әскери бөлімі әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметі осы іс-шараға әскери қызметшілердің балаларының қатысуын ұйымдастырды. Конкурсқа әскери қызметшілердің балаларының арасынан үздік суреттерімен ерекшеленген 14 бала шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Табиғатты және экологияны сақтау» тақырыбындағы аталымда 85395 әскери бөлімінің артиллериялық дивизионының командирі майор Асылбек Жанболатовтың қызы жеті жасар Асия Жанболат бірінші орынға ие болды. Кішкентай жеңімпаз қыз арнайы сыйлықпен және грамотамен марапатталды. Басқа қатысқан балалар да назардан тыс қалмай, арнайы дипломдарды еншіледі.

«Біздің әскери қызметшілердің балалары осындай жүлделі орындарға ие болғаны – біз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта осындай іс-шараларға қатысып, балаларымыздың өнері жан-жақты екеніне көз жеткіземіз деген ойдамыз», - дейді әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Айнұр Байсейітова.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"