Бітімгерлік пен бейбітшілік – біздің ұранымыз

Бітімгерлік пен бейбітшілік – Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Тәуелсіздік алғалы еліміз 182 мемлекетпен дипломатиялық әрі конструктивті қарым-қатынас орнатыпты. Осы ширек ғасырда шет мемлекеттерде Қазақстанның 57 елшілігі мен 31 дипломатиялық мекемесі ашылған. Бүгінде елімізде 95 шетелдің елшілігі мен халықаралық ұйымдардың өкілдігі жұмыс істейді. Дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесіп, жүздесу – жылдағы дәстүріміз.

Мемлекет басшысы осыдан тура 25 жыл бұрын Қазақстанның дипломатиялық қызметін құру туралы Жарлыққа қол қойып, еліміздің сыртқы саясат жүйесін тағайындаған болатын. Ол кездерде сырт елдермен байланыс жасау тәжірибеміз бен дипломатиялық қызметіміз әлі қалыптаса қоймаған еді. Сол тұстағы күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, жоқ жерден жаңа дипломатиялық жүйе құрылып, кадрларымыз өзге мемлекеттерге елші ретінде тағайындала бастады. Содан бергі ширек ғасыр ішінде отандық сыртқы саясат кемеліне жетіп, елдің игілігі үшін қызмет етуде.  Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның көпвекторлы саясаты, халықаралық бастамалары әлемге кеңінен танылып, қолдауға ие болды. Еліміздің беделі биіктеп, бейбітшілік пен ынтымақтастыққа қосқан үлесі арта түскені рас.
Қазіргі таңда Орталық Азия елдері дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан. Мұнда да Қазақстанның саясаты бұрынғыдай тең құқылы әріптестікті дамытуға, халықаралық істерде өңірлердің рөлін арттыруға бағытталуда.  Сондай-ақ, еліміз Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға және Ауғанстандағы ішкі саяси жағдайды реттеуге үн қосты. Айталық, Астана Ауғанстанның кадрлар даярлау ісіне, инфрақұрылымын, әлеуметтік нысандарын қалпына келтіруге қол ұшын беруде. «Біз Орта және Таяу Шығыс елдерімен достық бағытындағы байланыстарымызды тереңдете түсетін боламыз. Әсіресе, сауда-экономикалық, инвестициялық, технологиялық әріптестікке айрықша назар аудармақпыз», деген еді Президент бір сөзінде.
Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әуелден ірі державаларды өзара ынтымақтастық орнатуға шақырып келеді. Оның айтуынша, ядролық державалардың арасындағы шиеленіс ушығып кетсе, жер бетіндегі бүкіл мемлекеттер зардап шегуі әбден мүмкін. Қазір заманда онсыз да күллі әлем құбылмалы жағдайды басынан кешіріп, ірі мемлекеттер арасындағы текетірестен әбден қажыған. «Бейбітшілік ешқандай байлықпен өлшенбейді. Сондықтан бітімгерлік миссиясы – біздің сыртқы саясатымыздың басты бағыты. Қазақстан қашан да бейбіт келіссөздерді жүргізуге жағдай жасайтын мемлекет болып қала береді», деген Президент сөзі көп көшбасшылардың көкейінде. Біз осындай ниетімізбен ұтымды хал кешіп, абыройымызды асқақтатып тұрмыз.
Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді барынша қолдап, Минск келісіміне өз үлесін қосып келе жатқанын да айта кетуіміз керек. Бүгінде Астанада Сирия мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп, қорытындылануда. Қазақстан Қатар мәселесін шешуге де келіссөз алаңын ұсынуға дайын екенін білдірген. Жалпы, еліміз кез келген шиеленістердің, тіпті дүниежүзілік соғыстардың келіссөздер алаңында аяқталуы үшін бар күш-жігерін қосуға әзір.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"