"Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны жетінші маусымын ашады

Республикамыздың түкпір-түкпірінен “мен атайын сен тұр” деген мірдің оғындай жастардың басын қосатын «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өзінің 7-маусымын ашпақ. Яғни, күздің екі айы патриот жастардың жан-жақты қабілетін таразылайтын кезең болады. Осыған орай аталмыш жиынның өткен тарихы мен оның даму жолдарына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз.

2015 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Айбын жиыны – жастардың патриоттық рухын көтеруде орасан зор ықпалын тигізіп келеді. Сондай-ақ, Қарулы Күштеріміздің оң беделін арттыруда да айтарлықтай өз үлесін қосты. 2020 жылға дейін, яғни бүкіл әлемді әбігерге салған індет жайлағанға дейін аталмыш жиын «Спасск» оқу орталығы базасында өткізіліп келді.
Соңғы бес жылдың ішінде «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар саны 3000-ға жуық болса, алғаш онлайн түрінде өткізілген жылы бұл көрсеткіш 4 есеге дейін артты. Алғаш рет «Айбын» мобильді қосымшасы іске қосылып, жастар жекелей тәртіпте оған қастысу мүмкіндігіне ие болды.
Айбын – бұл “жеті қырлы, бір сырлы” жастардың таланты мен танымын кеңейтіп, әрі қарай дамуына мүмкіндік сыйлайтын алаң. Олардың болашағына бағдар беріп, өмірдегі іскерлік іргетасын берік қалауына жол салатын алаң. Ой-өресі мен мәдениеті, білімі мен біліктілігі, таланты мен тапқырлығы, сана-сезімі сынға түсетін, әрқайсысының деңгейін айқындап беретін бағдаршам жиын.
“Айбында” жыл сайын сайыстар қатары артып, жастардың қызығушылығы мен санын арттырып келеді. Өткен жылдағы эпидемиялық жағдай адамзатқа денсаулыққа мейлінше ден қою керектігін көрсетті. Сол жылы Айбында алғашқы көмек көрсету жұмыстарын үйрететін сайыс қосылды.
Ал, биылғы «Айбын» жиыны тағы да өзгешілігімен ерекшеленбек. Бұл жолғы жиын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай сайыстар қатарына халқымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық ойын түрі де қосылады. Дәлірек айтқанда, алғаш рет «Айбын» тарихында тоғызқұмалақ ойыны онлайн түрде өткізгелі отыр. Сонымен бірге медиа саласына арналған жаңа сайыс түрі де қатарға қосылмақ.
Биылғы “Айбынның” ең басты жаңалығы қатысушылар саны 3 есеге артты. Ерке Есілдің жағасынан орын тепкен Ұлттық әскери-патриоттық орталық оларды құшақ жая қарсы алуға дайын. Биыл кімдер жеңіс тұғырынан көрінетінін көретін күн де алыс емес, ендеше “Айбынға” қатысатын жалынды жастарға сәттілік тілейміз!


Әсемхан Қобыланова,
«Жас Сарбаз» жасөспірімдердің әскери – патриоттық қозғалысының тілшісі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"