Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтуде

Еліміздің Қарулы Күштерінде ауған ардагерлерін марапаттап, 30 жыл бұрын майданнан оралмағандарды еске алуда.

Айтулы күн қарсаңында салтанатты мерекелік шаралар, тақырыптық кештер, Ауған соғысының ардагерлерін шақыра отырып, ерлік сабақтары өтуде, жастар арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Астанада Ауған соғысы ардагерінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық қаһарманы» генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың қатысуымен «Ауған асуында от кешкендер» тақырыптық кеші өтті. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдары студенттер арасында облыстық әскери-спорттық сайыстар ұйымдастырды. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының басшылығы Ақтөбедегі Студенттер сарайында «Кетпейді естен Ауғанның от жалыны» әскери-патриоттық әндер байқауын ұйымдастырды. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, оқу орындарының басшылары мен студенттері қатысты. Қарағанды әскери лазаретінің қолбасшылығы қазіргі уақытта ем-дом қабылдап жатқан ардагер, «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Амангелді Жантасовқа құрмет көрсетті. «Ауғанстан – бұл әскери борышқа адалдықтың жоғары сезімі. Генералдар мен офицерлер ерлік пен қайсарлық танытты. Алайда, қатардағы жауынгер ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. Мыңдаған бозбалаларымыз батыр атанып, командирдерін қорғау үшін кеуделерін тосып, жалынның астында жатқан жаралыларды алып шығарды, даңқты сарбазымыздың үздік қасиеттерін көрсетті», - деді Ауған соғысының ардагерлері. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"