Атырау гарнизонында әскери гарнизондардың спорт секциялары бұқаралық спорт жұмысын ұйымдастыру және дамыту аясында әскери қызметшілердің балалары арасында футболдан турнир өтті.
Турнир басталар алдында 41321 әскери бөлімінің командирі подполковник Бауыржан Жұмағұлов жас спортшыларға жеңіс, ал көрермендерге – тамаша көңіл-күй тіледі. Ойынның қорытындысы бойынша «Жас байланысшылар» командасы жеңіске жетсе, ал 3-сыныпты сержант Орал Қадырғалиевтың ұлы – Талап үздік ойыншы ретінде танылды. Турнирге барлығы 4 команда қатысты. Жеңімпаздар мен жүлделі орынға ие болғандар әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызмет атынан құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.