Астанада заманауи қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелер талқыланды

Астанада заманауи қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелер талқыланды

ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери ведомство басшылығының Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Орталық әскери округі әскерлерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Александр Лапинмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ оларды жою бойынша шаралар әзірлеу жөніндегі мәселелерді талқыға салды. Сондай-ақ сапар аясында генерал-лейтенант А.Лапиннің «Сирия Араб Республикасындағы Ресейдің Әскери-ғарыштық күштерін жоспарлау және нәтижелері» тақырыбында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылық құрамы мен тыңдаушылары алдында сөз сөйлеуі ұйымдастырылды. Ұлттық қорғаныс университетінде болуы шеңберінде әскери делегация оқу-материалдық базамен танысып, Үндістан мен Қытай әскери өнер аудиториясына, ҚР Қарулы Күштері Бас штабының, Шекара қызметінің факультеттеріне барды.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи