Астанада ҰҚШҰ мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті.

Аталған отырысқа ҰҚШҰ Бас хатшысы Юрий Хачатуров пен ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров та қатысқан болатын. Бұл отырыста Ұжымдық қауіпсіздік жөнінде шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомства басшылары Орталық Азия аймағындағы ұжымдық қауіпсіздікке қатысты қарсылықтар мен әскери қауіпсіздікке төнген қауіптерді талқылады. Отырыс барысында алдағы жылға ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздіктің басқару органдары, құрама және құрылымдық күштер жүйесінің бірлескен даярлық жоспарын, 2018 жылдың екінші жартысына – 2019 жылдың бірінші жартысына ішкі саясат, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселесі бойынша ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына мүше мемлекеттердің кеңес беру жоспарын мақұлдап, сондай-ақ 2020 жылға дейінгі кезеңге Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін әскери кадрлардың бірліскен даярлығы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру іс-шараларының жоспарын қабылдады. «Отырыста қаралған мәселелер – Ұйымға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту біздің басты мақсатымыз. Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы Қазақстан Республикасында 2018 жылдың екінші жартыжылдығында өтеді», - деді ҚР Қорғаныс министрі.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"