Ашық есік күні

Алматы қаласы авиациялық базасында Тұңғыш Президент Күні алдында Алматы қаласы Жетісу ауданының №118 мектеп оқушылары қатысқан «Ашық есік күні»  өткізілді.

Әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Мырзалин оқушылармен «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тақырыпта әңгімелесті. Оқушыларға авиациялық базаның ұшақтары мен тікұшақтары көрсетілді.

№118 мектептің сынып жетекшісі Юлия Распутина: осындай кездесулерден кейін оқушылардың көбісі болашақта тағдырын әскермен байланыстырғысы келетінін атап өтті.
Іс - шара соңында авиациялық база командирі подполковник Амангелді Макишев: оқушыларға оқуда табыс, Отанымыздың нағыз патриоты болыңдар деп жылы лебізін білдірді.


Майор Дархан Кусаинов

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Швейцарский THOR готов к производству

Швейцарский THOR готов к производству

Арлан

Арлан