Армиядағы адал қызметіне құрмет көрсетілді

Астанада Қорғаныс министрлігі басшылығының қатысуымен генерал-майор Мүсілім Қадылбекұлы Дайыровтың жауынгерлік тумен салтанатты түрде қоштасуы өтті.


Іс-шара жауынгерлік тумен қоштасу рәсімінен басталды. Құрмет қарауылы ротасы және ту ұстаушы топтың көзінше ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор М. Дайыровты шекті жасқа жетуіне орай запасқа босату туралы бұйрық оқылды. М. Дайыров 40 жылдан аса сапта жүр, оның біршама бөлігін қазақстандық армияның қалыптасуына арнады. Онымен қызмет еткен жауынгерлік  қызметтестері мен ҚР Қарулы Күштерінің барша жеке құрамы оның көп жылдық еңбегін атап өтуде. 2-дәрежелі «Даңқ» орденімен және мінсіз қызметі үшін көптеген медальдармен марапатталған. «Сіздің әскери мансабыңыз көптеген жарқын парақтарға толы. Сіз интернационалдық борышыңызды қайсарлықпен орындадыңыз.  Сол үшін «Қызыл жұлдыз» ордені мен «Ерлігі үшін» медалін иемдендіңіз. Сіз Қазақстан Қарулы Күштері инженерлік әскерлерінің қалыптасуының негізін қаладыңыз. Сіздің терең біліміңіз, кәсіпғойлығыңыз бен тәжірибеңіз Қарулы Күштерде үнемі сұранысқа ие болатынына күмән келтірмеймін», - деді сөз сөйлеу барысында ҚР қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"