Ардагер анаға құрмет!

Алдағы келе жатқан Ұлы Жеңіс күніне - 77 жыл және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне  - 30 жыл толу мерекелері қарсаңында Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы Құрманғалиевтің қолдау көрсетіп, жетекшілік етуімен Приозерск қаласында тұратын ардагер ана Л.И. Степанчукқа құрмет көрсетілді. Қала тұрғыны Людмила Илларионовна қадірменді тыл еңбегінің ардагері болып саналады.

Бүгінгі таңның атысымен 06708 әскери бөліміндегі «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерін ертіп алған Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Д.Ж. Қүрманғалиев  қаламыздағы тыл ардагері тұратын пәтердің табалдырығын аттады. Бар ойы – осы пәтерде тұратын   ардагер ана Людмила Степанчукті алдағы келе жатқан Ұлы Жеңіс күні мерекесімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні қарсаңында құрмет көрсету болатын.

    Пәтер иесі тыл ардагері Людмила Илларионовна келген қонақтарды күлімдеп қарсы алды. Баспасөз хатшысы ардагер анаға өзінің арнайы дайындаған құттықтауын жеткізді. Жанына ерген жас жеткіншектер тыл ардагеріне құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтарды табыс етті.

     Аталған іс-шарға қаламызға арнайы іс-сапармен келген Қарағанды облыстық «Индустриальная КАРАГАНДА» газетінің меншікті тілшісі Фархат Ермакович Кинжитаев та қатысып, тыл ардагерімен емін-еркін тілдесті.

Тілек Кенжебеков

«Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубы

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"