Ақтау жұртына көмек көрсетіп қайтты

Ақтау жұртына көмек көрсетіп қайтты

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының коронавирустық инфекцияға шалдыққан тұрғындарына Шығыс Қазақстан облысының әскери дәрігерлері екі апта бойы медициналық көмек көрсетіп, отбасыларына аман-есен оралды

Семей қаласының әскери госпиталі хирургия бөлімшесінің аға ординаторы медицина қызметінің капитаны Н.Мәжиев бастап барған әскери дәрігерлердің тобында терапия бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің капитаны З.Муслимова, қабылдау бөлімшесінің медбикесі келісімшарт бойынша аға сержант Г.Әбдрахманова, хирургия бөлімшесінің медбикесі келісімшарт бойынша кіші сержант Г.Мұхатова, анестезиология және реанимация бөлімшесінің аға медбикесі келісімшарт бойынша сержант Ж.Қабдиева, хирургия бөлімшесінің медбикесі келісімшарт бойынша ефрейтор М.Мұратова болды. Сондай-ақ, Өскемен қаласының әскери лазаретінен хирургия бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің капитаны Б.Белгібаев, стоматология бөлмесінің мейіргері келісімшарт бойынша қатардағы С.Дума, хирургия бөлімшесінің медбикесі келісімшарт бойынша қатардағы А.Байсанбанова, қабылдау бөлімшесінің медбикесі келісімшарт бойынша сержант А.Оспанова да науқастарды емдеуге атсалысты.

Елімізде тұңғыш рет төтенше жағдай режимі енгізілген алғашқы күннен бастап «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері коронавирусқа қарсы әрекет ету шараларына белсене қатысқанын айта кеткен жөн. Мәселен, дезинфекциялық топтардың құрама отрядтары Нұр-Сұлтан, Павлодар, Өскемен, Семей, Аягөз, Үшарал қалаларында және Павлодар облысының аумағында санитарлық тазалық шараларын жүргізсе, әлемді әбігерге салған тұмаудан сақтану үшін қолбасшылыққа қарасты әскери құрылымдар мен бөлімдердің медициналық қызметкерлері нақты шараларды қолға алды. Блок-бекеттерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, патрульдеу, дезинфекциялық дәрілеу жұмыстарына тартылған әскери қызметшілердің денсаулығы 140 медицина қызметкерінің жіті бақылауында болды.     


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"