Алматыдағы Қарулы Күштердің тыл базасы өзінің 80 жылдығын атап өтті

Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл базасы өзінің қалыптасу сәтінен бастап 80 жылдығын атап өтті.

Тыл базасының жауынгерлік жолы 1938 жылдың қараша айында бастау алды. Барлық кезде сенімді және сапалы тылдық қамтамасыз ету сәттіліктің басты көрсеткіштерінің  бірі болды. Тыл мамандары әскерлерді азық-түлікпен, киім-кешекпен, отынмен қамтамасыз етудің маңызды мәселелерін шешеді, материалдық құралдардың қажетті қорларын құрып, көліктік және қамтамасыз етудің өзге түрлерін ұйымдастырады. Мерейтойлық датаға орай Қарулы Күштердің ардагерлерін, сондай-ақ тыл базасының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқандарды шақыра отырып, салтанатты шара өткізілді. Іс-шара қонақтары үшін атаулы күнге орай  әскери бөлім жеке құрамы мен №32 жалпы білім беру мектебі оқушыларының қатысуымен көркемөнерпаздардың мерекелік концерті өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша анағұрлым ерекшеленген әскреи қызметшілер мен қызметкерлерді мерейтойлық медальдармен және грамоталармен наградтады. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"