Алматы республикалық "Жас ұлан" мектебі Наурыз мейрамын атап өтті

Наурыз - ел мен елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа ұмтылдырған Ұлы күн. Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсылықтың жаршысы, жаңару белгісі, тіршіліктің тынысы, теңдіктің терезесі ашылып, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлеген тамаша күн. Наурыз - еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі. Айтулы мереке қарсаңында Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық "Жас ұлан" мектебінің ұжымы да осындай бақыт пен шаттық, тыныштық пен бейбітшілік мерекесіне арналған іс-шара өткізді.

Онда "Бабалар мұрасы - бізге өнеге" атты тақырыпта өткен сайыс көрерменге өте қызықты болды. Сайыстың шарты бойынша әрбір рота ұландары халқымыздың салт-дәстүрінен сахналық қойылым көрсетіп, ұлттық ойындарынан бәсекеге түсіп, музыкалық ән-шашуларын жолдау арқылы Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің бұл мерекені ұйымшылдықпен тойлайтындығын және ғасырлар қойнауынан жеткен ұлттық салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты екенін жадымызда жаңғырта отырып, өздері де зор қызығушылық танытты.

Мектеп бастығы  Манат Батырбаев Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналып ұйымдастырылған іс-шаралар деңгейін жоғары бағалады. Ұлттық ойындарды қызықты өткізген мектептің спорт кешені бастығы Е. Нұғмановқа, музыкалық ән-шашуды шебер көрсете алған хореограф Ж.Искаковқа, ұлттық салт-дәстүрлерді тартымды ұйымдастыра алған тәрбиеші-офицерлер майор Я. Асановқа, майор Қ.Аюбаевқа, взвод командирі, аға сержант А.Тухтабаевқа, взвод командирі А.Акимжановқа алғысын білдірді. Ал мереке соңында ата-аналар мен келген қонақтарға, мектеп ұжымына ізгі тілектерін айтты.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Новейший российский аэромобильный автомобиль замечен на учениях Кавказ-2020

Новейший российский аэромобильный автомобиль замечен на учениях Кавказ-2020

Штурмовая винтовка FAMAS – «ветеран» французского легиона

Штурмовая винтовка FAMAS – «ветеран» французского легиона