Астанада Ақмола гарнизонының 70-тен аса әскери қызметшісі латын әліпбиі негізінде өткізілген «Жалпы халықтық диктантқа» қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты латын тіліндегі жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, іс жүзінде игерілген материалдар мен негізгі ережелерді жан-жақты бекіту, мемлекет саясатын жүзеге асыру және тілді меңгерудегі қызығушылықты арттыру болып табылады. «Іс-шара Қарулы Күштерде алғаш рет өткізілуде. Біз тіл саласындағы мемлекет саясатын толық қолдаймыз және латын графикасын меңгеру бойынша жетілдіріліп, көшбасшылар қатарында болуға дайынбыз», - деді ҚР ҚМ Әкімшілік департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы подполковник Айнұр Оразғалиева.