Бүгінде Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы атаулы күн, яғни, өзінің құрылуының 25 жылдығын атап өтуде.
Тура 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылғы 2 сәуірде ҚР Қарулы Күштерінің жекелеген түрі – Әскери-теңіз күштері құрылды. Қазақстанның экономикасы үшін Каспий өңірінің маңызы орасан зор. Оның қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында елімізде заманауи Әскери-теңіз күштерін құру қажеттілігі туындады. Мемлекеттік шекараның қол сұғылмаушылығын, аумақтық тұтастығын, егемендігін, Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы экономикалық мүдделерін қорғау – бұл ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің басты міндеті. Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында Әскери-теңіз күштері қажетті тәжірибе жинақтап, мемлекетімсіздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде өздерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірліктерін жетілдіруді жалғастыруда. Бүгінгі күні ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері каспий жанындағы елдер арасында күштерді орын орнына қоюда лайықты орын алып отыр және Каспий өңіріндегі тұрақтылықтың кепілі болып табылатынын сеніммен айтуға болады.