Әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Астанада Қорғаныс министрі  Нұрлан Ермекбаевтың жетекшілік етуімен әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҚР Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырыстың жұмысына Қауіпсіздік Кеңестің, Қорғаныс министрлігі мен ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Отырыс барысында Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшының спутниктік байланыс және навиагция жүйесіне әскери (қос) мақсаттағы технологияларды енгізу, ұшқышсыз ұшу кешендерін әзірлеу мен өндіруге бірыңғай талаптарды айқындау, оларға қызмет көрсету және қолдану үшін мамандарды біріздендіру және дайындау, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың байланыс құралдарын дамыту, сондай-ақ Каспий теңізіндегі жағалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша бірыңғай тәсілдеме әзірленді.   Ведомствоаралық комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді. ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиясы  ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылатынын айта кету қажет.   Комиссия жұмысының жоспарына сәйкес отырыстар жылына екі рет өткізіледі. Онда мемлекеттің әскери ұйымын дамыту мәселелері мен келешегі қаралады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"