Әскери полиция жасағындағы шара

Отан қорғаушылар күніне орай Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағында салтанатты жиын болды.

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бастығы подполковник Талғат Әмірхан Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылу тарихынан мағлұмат берді. «Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қуатты, заманауи техника және қару- жарақпен жабдықталған, әрі кез-келген жағдайға тойтарыс бере алатын қазіргі қазақ әскерінің 26 жылдығы – барша отандастар үшін маңызы зор оқиға », - деді ол.

   Жиында қызметтік парызын атқару барысында міндеттерін адал орындаған, үлгілі әскери тәртібімен, ынта-жігерімен, қызметтегі ерекшеліктері және парасатты бастамашылдығымен танылған әскери қызметшілер жоғарғы басшылыққа көтермелеу үшін ұсынылды. ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы штабтың (кезекші бөлім) офицері лейтенант С.Долгинцевқа «аға лейтенант» атағы мерзімінен бұрын берілді. Бұл күні жеке құрамды салтанатты сапқа тұрғызу, марапатталған әскери қызметшілерді құттықтау да ұйымдастырылды.

 

Алуа ИСКАКОВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"