Әскери полигондарды тазарту жұмысы

Құрлық әскерлері инженерлік-саперлік бөлімшелерінің әскери қызметшілері ауданы 400 га алып жатқан полигондарды жоспарлы тазартуды жүргізуде. Оның 20-ға жуық пайызы таулы жерде орналасқан.

Жарылмаған оқ-дәрілерден полигондарды жоспарлы тазалау жылына екі рет жүргізіледі. Негізгі міндеті жеке құраммен оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жарылмаған снарядтар мен оқ-дәрілерді қопару тәсілімен жоюға негізделген. Іс-шараларды өткізу кезінде сапер әскери қызметшілер 0,6 метр тереңдікке қауіпті жарылғыш заттарды анықтау бойынша мина іздуіштерді табу және барлаудың су жаңа құралдарымен жабдықталған арнайы жеке қорғаныс құралдарымен, броньды кеудешелермен, сапердің арнайы қорғаныс костюмдерімен қамтамасызщ етіледі.

Жүргізілетін жұмыстар барысында әскери оқ ату орындарының жай-күйі мен техникалық жабдықталуына, оқу-материалдық базаның жетілдірілуіне, тыныс-тіршілік пен далалық лагерь мен полигондық команданың абаттандырылуына айрықша назар аударылады. Құрлық әскерлері инженерлік-саперлік бөлімшелерінің әскери қызметшілері бейбіт уақытта өзінің өміріне қатер төндіре отырып, қауіпті жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындайтындардың бірі болып келетінін айта кету қажет.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"