Әскери институт түлектерін ұшырды

Әскери институт түлектерін ұшырды

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты «лейтенант» алғашқы офицерлік шенін ұсына отырып, 14-ші түлектерін ұшырды

Биыл 8 мамандық бойынша 141 курсант әскери оқу орнын тәмамдап, олардың 9-ы үздік дипломмен марапатталды.

«Бүгін сіздер офицер погонын тағып, жоғарғы әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломға ие болдыңыздар. Нағыз ер-азаматтарға тән мамандықты таңдаған соң намыс туын биікте ұстап, «Қазақстан әскерінің офицері» деген жоғары атқа лайық боласыздар деген сенімдемін, - деді әскери институт бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Жас лейтенанттар оқу барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, ата-аналарының үміттерін ақтауға тырысып баққандарын жеткізді.

«Әскери институт қабырғасында болған 5 жылда білім мен достықтың қадіріне жеттім. Біздің иығымызға погонмен қоса еліміз үшін жауапкершілік пен үлкен міндет жүктелді. Халқымыз бен оның Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшысының сенімін ақтаймыз, ақтық деміміз қалғанша адал қызмет етеміз, - деді оқу үздігі Ерназар Темірғалиев.

Әскери оқу орнында тек қазақстандықтар ғана емес Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бағдарламасы бойынша Қырғызстан мемлекетінің өкілдері де білім алуда. Бүгінгі күнге дейін 9 қырғызстандық курсант оқып бітірсе, тағы 11 курсант институт қабырғасында білімдерін шыңдауда.

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты – Орта Азия аймағы бойынша радиотехникалық мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын жалғыз әскери оқу орны.

 

Меруерт Сафаева


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи