Әскери доктринаны талқылады

Қорғаныс министрлігінде Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Басқосу барысында Әскери доктринаны, сондай-ақ Қарулы Күштердің, өзге әскерлер мен әскери құрылымдардың құрылысы мен оларды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Шараға Сенат депутаттары, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының басшылығы қатысты. Д.Назарбаева елдің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. «Қарулы күштер еліміз халқы тәуелсіздігінің кепілі болып табылады», деді сенатор сыртқы қауіптердің алдын алу және жоюда армияның артып отырған рөлін айта келе.
Отырыста Қарулы Күштер Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаевтың Әскери доктринаға қатысты баяндамасы тыңдалды. Ол доктринаға алғаш рет күрестің «гибридті» әдістері, «әскери емес құралдар», «ішкі қарулы қақтығыс» ұғымдары мен анықтамалары енгізілгенін жеткізді. Сонымен қатар құжатта Қазақстан Қарулы Күштерін, өзге әскерлер мен әскери құралымдарды қолданудың тәртібі нақтыланған.
«Біздің бірлескен жан-жақты жұмысымыз армияны қажетті, заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жақын арада жабдықтау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Ол үшін Қорғаныс туралы заңға тиісті түзетулер енгізу қажет және бұл мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс жасауды талап етеді», деп атап өтті Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"