Әскери барлаушылар күнін атап өтті

5 қараша – Қарулы Күштерде әскери барлаушылар күні. Айтулы әскери саланың 27 жыл толуына орай әскери бөлімдерде түрлі шаралар өткізіліп, ондағы үздіктер мамандар анықталды.

Әскери барлаушылардың негізгі мақсаты – әрекеттегі немесе болжамды қарсылас туралы, оның әскери ресурстары мен жауынгерлік мүмкіндіктері, әлемдегі әскери ахуал жайындағы мәліметтерді алу және өңдеу бойынша кешенді шараларды орындау. Әскери барлаушылар ұлттық мүддені қорғап, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға айтарлықтай үлестерін қосуда. Жыл сайын олардың жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері дамуда, алайда негізгі мақсаты өзгерген жоқ. Қазақстан Қарулы Күштері арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері тұрақты түрде халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығуларға қатысу арқылы өздерінің жауынгерлік дағдыларын жетілдіріп, өздерінің кәсбилігін дәлелдеуде. Соңғы бірнеше айда Қазақстанның арнайы бөлімшелері «Алтын үкі-2019» халықаралық жарыстарға, «Ыстық-көл – Аңырақай-2019», «Достарым-2109», «Түлкі аулау-2019» сынды оқу-жаттығуларға қатысты.  Жүктелген міндеттерді шешу үшін барлау телекоммуникациялық, ақпараттық және ғарыштық технологиялар саласындағы соңғы әлемдік жетістіктер негізінде құрылған қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған. Барлық уақытта әскери барлау мемлекет тағдырында маңызды рөл атқарып, ұлттық мүдделердің сенімді қорғаушысы болды. Ол тарих беттерінде өзінің бейнесін өзгертседе, өзінің жауынгерлік мақсатын сақтап қалды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

Гранатаның түрлері

Гранатаның түрлері