Әскердің бет-бейнесі болған «САРБАЗ»

Әскердің бет-бейнесі болған «САРБАЗ»

«САРБАЗ» республикалық әскери-патриоттық апталық газеті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерінің айнасы. Тоқсанның торқауын алқымдаған басылым қызметкерлері қазақ әскерінің әр күніне шолу жасап, оны тарих тағылымдамасына хаттап, тынбай еңбек етіп келеді.  

   Әскери өмірдің қызығы мен қиыншылығын көргелі (ол 2001 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін) жаныма жақын ақпарат көзі, жаңалықтар жаршысы – «САРБАЗ» газетін оқып, үнемі ізденіс пен білімпаздыққа талпынып келемін. Рухани сусындап, жеке шығармашылығыммен де бөлісемін. Мәселен, 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде сарбаз санатында қызмет еткен кезімде «Біздің рота», «Алға жүздік» секілді тұңғыш туындыларымның тұсауы осы газет бетінде кесілді. Ол маған қанат бітіріп, биік белестерге жетеледі. Өзім сияқты талай жауынгерлерді Отансүйгіштікке тәрбиелеп, нағыз патриот болуға ықпал етті.

 

Қалықтап, тұғырына қонған «САРБАЗ»,

Әскердің бет-бейнесі болған «САРБАЗ»

Құтты болсын биылғы мерейтойың!

Торқалы 90 жасқа толған «САРБАЗ»!

 

   Әскери баспасөзде орны бөлек «САРБАЗ» газетінің ұжымына шығармашылық табыс тілеймін! Қаламдарыңыз қарымды, жазарларыңыз көп болсын!

 

Ізгі тілекпен капитан Нұржан Бақытқазыұлы МАЛҒАЖДАРОВ,

Қаһарман Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің (идеологиялық жұмыстар, арнайы насихат және мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша) аға офицері


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи