«Әлия» әскери-патриоттық драмасының қойылымы көрсетілді

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери театр құру идеясына арқау болған алғашқы жоба Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігі жайлы әскери-тарихи драмалық қойылымы болды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залында қазақ халқының даңқты батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған күніне орай «Әлия» әскери-патриоттық драмасы қойылды.


Аса тәжірибелі, тіпті танымал автор жазған шығарма да сахналануға толық дайын емес. Әсерлі сахналық көріністерді дөп табу, декорация, реквизиттер мен киімдер дайындауды, тіпті барлық рөлдегі әртістер мен бас кейіпкерді де әскери-патриоттық орталықтың жеке құрамы сомдады.
– Әскери театр – мәдениет саласындағы жарқын жоба және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің таптырмас құралы Қазақстан әскерінің тарихындағы Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Иван Панфилов, Мәлік Ғабдуллин, Сағадат Нұрмағамбетов сынды тұлғалар, сондай-ақ есімдері ерлік пен Отанға деген сүйіспеншілік шежіресінде мәңгі жазылған Ауған соғысының батырлары бізге үлгі. Бұдан бөлек, театр сахнасында заманауи әскер жөнінде қойылым көрсету жоспарда бар, – деп атап өтті қоюшы режиссер Жұлдыз Ысқақова.
«Әлия» әскери-патриоттық драмасының алғашқы көрермендері Астана гарнизонның әскери қызметшілері болды. Алдағы уақытта Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде, Қарағанды және Алматы гарнизондарында өнер көрсету жоспарланып отыр.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"