Адалдық Алаңы - бастысы жайлылық пен жеделділік

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап «Қарулы Күштері - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі Қазақстанның барлық облыс орталықтарында қорғаныс істері жөніндегі департаменттер жанында жұмыс істеуде. Осылайша Қарулы Күштер «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына кірігуде.

Жобалық кеңсе жұмысының мақсаты - азаматтарды еліміздің Қарулы Күштеріне деген сенімін арттыру. Халық үшін қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударылады.
Бұл жерде әскерге шақырылушыларды есепке алу, кадр жұмысы және қаржылық қызметі бойынша жергілікті әскери басқару органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру жүзеге асырылады.
         Кеңсе қызметкерлері өтініштерді келушімен жеке байланыс арқылы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілер мен call-орталық арқылы қабылдайды. Жұмыстың тиімділігі бағынышты органдармен және мекемелермен хат алмасу қажеттілігін жояды. Халыққа қызмет көрсету жеделдігі мен сапасы артуда.
Жобаның үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті болып табылады, ол кеңселердің жұмысына тұрақты бақылауды жүзеге асырады және келіп түскен өтініштерге тұрақты талдау жүргізеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"