«KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесі тың жаңалықтардың тоғысы болмақ

Иә, халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесі тың жыңалықтардың тоғысы болатынына күмән жоқ. Өйткені мұнда әлемнің отызбес елінен үш жүзден аса әскери техника өндіретін компаниясы соңғы өнімдері мен тың идеяларын, бірегей бастамаларын ала келеді. Осындай іргелі алаңнан өзіміздің отандық кәсіпорындар да қалыс қалмақ емес. Біз де көрме иесі ретінде барымызды ортаға саламыз, тиімді құжаттарға қол қоямыз, іргемізді нығайта түсеміз.

Көрменің бір көркі – «Қажымұқан»

Тың жаңалық ретінде ұсынатын дүниелеріміз аз емес. Өйткені, жоғарыдағы үш жүзден аса компанияның жүздің үстіндегісі өзіміздің өндірістер. Айталық, қазақстандық «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ зауытының «Қажымұқан» су жаңа мұз жаратын тартқыш катерінің нобайы «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесінің сөресінен табылады. Катердің жобалануы мен салынуы 2014 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тапсырысы бойынша басталған болатын. Ол өзендерде, су қоймаларында және Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде қалыңдығы 30 см-ге дейінгі жаппай мұзда патрульдік қызмет атқару үшін арналған. Катердің салмағы шамамен 151 тонна болмақ, ал суға бату тереңдігі – 1,8 м. Сонымен қатар «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ көрмеге келушілердің назарына «КамАЗ»-дың базасында сүңгуірлік құламаларды автономды қамтамасыз ету үшін жылжымалы станцияны ұсынады. Станция 10 метрге дейінгі тереңдікте жауынгерлік жүзушілердің суасты операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорын «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның құрамына кіретінін айта кеткен жөн.

Көрмеде әскери және қос мақсаттағы өнімді өндіру, жаңғырту және жөндеумен айналысатын қазақстандық кәсіпорындар да өз өнімдерін көрсететін болады. Олар экспортқа әртүрлі корабльді толымдаушыларды, торпедаларды, кеме гидравликасын, авиациялық толымдаушыларды, заманауи жылу визиялық приборларды, көздеуіштерге арналған линзаларды, түнгі көру приборларын ұсынады. «Көрменің секциялары биылғы жылы жетіге дейін кеңейтіледі. Олар авиациялық техниканы, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ғарыштық технологияларды, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасын, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдарын, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету мүлкін, IT-технологияларды, байланыс жүйелері мен құралдарын, әскери саладағы робот техниканы, әскери салада қолданылуы ықтимал баламалы қуат көздерін қамтиды» дейді ұйымдастырушылар.

 

«Арлан» – біздің айбынымыз

Көрмеге қатысатын отандық компаниялардың бірі – «Орал вагон зауыт» «Ғылыми-өндірістік корпорациясы» АҚ. Зауыт шара шеңберінде қашықтықтан басқарылатын әмбебап жауынгерлік модульмен жабдықталған «Армада» шынжыртабанды тұғырда жаяу әскердің ұрыс машинасын көрсетеді. Зауыт броньды машиналарының ерекшелігі жауынгерлік жағдайда экипажды қорғап тұратын корпустардың минаға қарсы конструкциясы екенін біле жүргенін абзал.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ның өнімі, тіпті, керемет! Бұл кәсіпорынның «Арлан» атты минаға қарсы қорғанысы бар броньдалған автомобильді, арнайы әскерлер мен арнайы мақсаттағы жауынгерлерге, сондай-ақ әскери полицияға арналған ұрыс дөңгелекті машинасы көптің назарын аударатыны сөзсіз. Ұзындығы – 6,5 м, биіктігі – 3 м, ал барынша жылдамдығы 120 км/с болатын жол таңдамайтын көлік лаңкестік актілерде қолданылатын өздігінен жасалған бомбалардан толық қорғалған. Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінде «Арлан» секілді оқ ату мүмкіндіктері бар техниканың баламасы жоқтың қасы.

 

Шетелдік өнімдер де шедевр

Экспозициялардың біршама бөлігін жоғары технологиялық танкіге қарсы зымыран кешендері мен шабуылдау қару-жарақтарымен жабдықталған Ресей Федерациясы ұсынады. Көршілес алып мемлекетте орналасқан «КБП» АҚ зауытының қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жасауда 85 жылдық тәжірибесі бар. Ал «Вологда оптика-механикалық зауыты» АҚ броньды танкті техникаға арналған атысты басқарудың көп арналы тұрақтандырылған жүйелерін  (Т-90, Т-80У, БМП-3, БТР-80, МТ-ЛБМ) көрсетеді. Зауыт жылу визиялық приборлар мен кешендерге сервистік қызмет көрсетеді және жүзеге асырады екен. «Швабе» инновациялық оптикалық холдингтің құрамына кіреді. Сонымен қатар ресейлік «МиГ» ұшақ құрастыру корпорациясы «МиГ-29К», «МиГ-29КУБ», «МиГ-29М/М2» көп функционалдық жойғыштарды ұсынады. Зауыт жауынгерлік тікұшақтарды жобалауды, өндіру мен техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Ортақ мақсаттағы турбобұрандалы ұшақтарды шығаруда көшбасшы болып саналатын Канада елі айрықша үлкен жетістіктерін әзірлеу үстінде. Айталық, олардың әлемдік дәрежедегі «Viking Air Ltd» әуе ғарыштық компаниясы «Series – 400» 19 орындық әуе кемесінің көрсетілімін ұсынады. Зауыт дәстүрлі әуе кемелерінің әлемдік парктеріне арналған жабдықты өндіреді. Зымыран жүйелерінің әлемдік өндірушісі Франция да қалыс қалар емес. «MBDA» компаниясы қарулы күштерден басқарылатын қарудың жерүсті, теңіз және әуе жүйесінің талаптарын қанағаттандыруға арналған өнімнің түр-түрін әкеледі.

Украиналық компаниялар да бірнеше стендттерін әзірлеуде. «АНТОНОВ» МК – көліктік, өңірлік жолаушылар ұшағы мен арнайы мақсаттағы ұшақтарды құру бойынша жетекші кәсіпорындардың бірі. «KADEX-2016» көрмесінде «АНТОНОВ» әртүрлі мақсаттағы «Ан-148» және «Ан-158» өңірлік ұшақтарды, «Ан-178» және «Ан-132» жаңа көліктік ұшақтарды ұсынады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"