«Dubai Airshow 2017» көрмесіне қатысты

Қазақстанның әскери делегациясы ҚР Қорғаныс министрінің басшылық етуімен 15-ші халықаралық «Dubai Airshow 2017» көрмесіне қатысты.

«Dubai Airshow» Үкімет пен Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштерінің қолдауымен өткізілетін әскери және азаматтық авиаөнеркәсіп саласындағы жетекші әлемдік оқиға болып табылады. Авиациялық-ғарыш салонының жұмысы барысында қазақстандық делегация әскери, оның ішінде, ұшқышсыз авиацияның тың жаңалықтары және даму үрдістерімен танысты.
Көрме шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі БАӘ қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі шейх Мұхаммед бен Ахмед Әл-Бауардимен кездесті. Тараптар әскери ынтымақтастықтың дамуының келешек бағыттарын талқылады және оларды жоспарлы негізге көшіру туралы тараптардың ниеттерін растады.
«БАӘ әміршісі Шейх Заид бен Сұлтан Әл-Нахаян және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған елдеріміз арасындағы сенімділік қарым-қатынастар жыл сайын нығая түсуде және анағұрлым жоғары деңгейге шығып келеді. Қатысушылар ретінде және бақылаушылар ретінде болсын Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін оқу-жаттығулар мен сайыстарға БАӘ Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығы мен қатысуына айрықша назар аударғым келеді», - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі құттықтау сөзінде.
Сондай-ақ қазақстандық әскери ведомство басшысының БАӘ Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Хамад Мұхаммед Тани Әл-Румейсимен келіссөздері өтті. Онда өңірлік қауіпсіздік, заманауи қауіп-қатерлерге төтеп беру мәселелері жөнінде пікір алмасу өткізілді.
Одан бөлек, БАӘ ӘӘК қолбасшысы авиация генерал-майоры Ибрагим Насер Әл-Алауидің бастамасымен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбеновпен кездесу ұйымдастырылды.
Делегацияның өткізген жұмыс қорытындысы бойынша таяу болашақта қорғаныс саласындағы ҚР мен БӘА өзара іс-қимылын дамыту мен нығайтудың қосымша бағыттары айқындалды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"