Жаңа азаматтық процестік кодекс немесе ондағы өзгерістер туралы не білеміз?

Уақыт және өмір талаптарына сәйкес еліміздің әлеуметтік, құқықтық дамыған мемлекеттер қатарына қосылу мақсатында қолданыстағы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Атап айтқанда, 2015 жылдың 31 қаңтарына дейін басшылыққа алынып, қолданылып келген, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №411 Заңымен қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс жүргізу кодексі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №377-V Заңымен күші жойылып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексінің басты өзгерістері тізбегін атап өте келе, сот іс жүргізу деңгейін арттыруда, азаматтардың сот төрелігі арқылы барша мәселелерін құқық аясында шешуі, құқықтары мен бостандықтарын дереу және заң шеңберінде қорғай алуына бағытталған мемлекет тарапынан жасалған нақты қадам деуге болады.

 Басты өзгерісі ретінде алдымен Кодекстің атауының «іс жүргізу» термині «процестік» болып өзгертілуін айта кетейік. Сондай-ақ, кодекстің бірінші тарауындағы «іс жүргізу заңдары» сөздері «процестік» сөзімен алмастырылған. Күші жойылған кодекстің 1-тарауындағы азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастар деген 1-бабы алынып тасталған. 2-тарауда азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары деген жеке бап қосылды.

Күші жойылған кодекстің 8-бабындағы «адамның» деген сөзі «тұлғаның» деген ауқымды терминмен ауыстырылған. Сонымен қатар, тұлғаның сотқа талап қою, яғни арыз беруі бойынша құқықтарының шеңбері кеңейтіліп, қағаз арқылы арыз берумен қатар электронды түрде арыз беру тәсілі де заңдастырылған. Алайда, егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады.

Жалпы тағы сол сияқты, жаңа кодекстің мәтініндегі терминдер күші жойылған кодекстегі терминдермен салыстырғанда әлдеқайда кең ауқымды түсінікті сөздермен алмастырылған. Бірінші сатыдағы соттардың жиі қолданатын нормалары қатарында тапсырма бойынша өкілдік етуде, өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады деп бекітілген, алайда күші жойылған кодексте бұл норма көрсетілмеген. Жаңа кодекстің 59-бабының 1,2,3-тармақтарының талаптары бойынша сотта өкіл бола алмайтын тұлғаларға қатысты сот ұйғарым шығара арқылы іске қатысатын адамның өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша іске қатысудан шеттетеді. Сонымен қатар, психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша өкіл бола алмайды делінген.

Жалпы бірінші сатыдағы сот өндірісінде жиі қолданылатын құқықтық нормалар санатында күші жойылған кодекстің 152-бабына сәйкес судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешетін, ал жаңа кодекстің 150-бабына сәйкес судья талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді деп көрсетілген. Демек, заңшығарушы кодекстің жаңа мәтінінде соттың талап қоюды қабылдау мерзімдерін нақты жұмыс күндерімен есептеген.

Бұдан өзге, күші жойылған кодекстің 167-бабында көрсетілген азаматтық істерді сот талқылауына әзірлеу, егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілу керек деген норма жаңа кодекстің 164-бабына сәйкес, он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс деп нақты көрсетілген. Яғни, бұл нормадада заңшығарушы сот өндірісін аптаның нақты жұмыс күндеріне қойып отыр. Осы ретте заңға енгізілген өзгерістер оңтайлы түрде деп айтуға болады. Күші жойылған кодекстің 334-бабының 3-тармағында көрсетілген апелляциялық шағым, наразылық, сот шығарған шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап он бес күн ішінде жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі (келтірілуі) мүмкін деп көрсетілген. Алайда, жаңа кодекстің 403-бабының 3-тармақшасында бір ай ішінде беруі мүмкін деп анықталған.

Міне, осындай мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған іс-шаралардың мақсаты Азаматтық процестік кодекске енгізілген жаңашылдықтар және олардың әділетті сот төрелігін қамтамасыз етудегі алар орнының маңыздылығы деуге болады.

Жаңа кодекстегі өзгерістер міндетті түрде әскери қызметшілерді де айналып өте алмайды. Себебі, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету (тұрғын үй, өтемақылар, т.с.с.), сонымен қатар, жалпы өзге де әскери басқарушылық мәселелері азаматтық процестік кодекстің талаптарына сай орындалуы тиіс.       

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Елбасының тапсырмасын орындауда Жоғарғы Сот тарапынан дайындалған жаңа мәтіндегі Азаматтық процестік кодекстің нормалары алдыға межелеген азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту бойынша мемлекет тапсырмасын орындауда нақты жасаған қадам деп санауға болады. Оның басты мақсаты Қазақстанның әлемдегі  дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсаты болып табылады. Азаматтық процестік кодекс мемлекетіміздің әр азаматының конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған маңызды заң актісі болып табылады. Сол себепті Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі қоғамдағы азаматтық дауларды реттеуге және ел тұрғындарының құқықтық ой-өрісін көтеруге бағытталған мақсаты үлкен деп айтуға нақты сенім бар.

                                                                                                                       

Қанат ЕСТАЙ

                                                                                                                        Алматы гарнизоны

                                                                                                            Әскери сотының судьясы

      


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"