Бақтыбай Бейсенбаев: «Берік ұстанымымыз – бірлік пен тыныштық»

Қазір елімізде діни мәселелерге тереңнен көңіл бөлініп, адам мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу іс-шаралары қолға алынып жатқаны хақ. Ол істен, әрине, қоғам қайраткерлері мен теолог ғалымдар, дінтанушы мамандар мен діни қызметкерлер қалыс қалмауда. Осы орайда біз  Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы Білім және ғылым бөлімінің басшысы Бақтыбай Бейсенбаевтың діни мәселелер мен экстремизм хақында айтқан ойларымен бөліскенді жөн санадық.

Дініміз тыныштықты көздейді

Қазір лаңкестік әрекеттерді ислам дінімен байланыстырып, орайлас ұғыммен байланыстырып жатқандар бар. Негізі, екеуі – бір-біріне кереғар ұғым. Экстремизм, терроризм дегеніміз адамды үркіту деген сөз. Экстремистердің көздеген мақсаты – қауіпсіздікті болдырмау, яғни, қауіпті елге айналдыру, тыныш өмір сүріп жатқан елдің тыныштығын кетіру. Олар осыны үркіту, қорқыту арқылы іске асырады. Мысалы, Ирак, Ауғанстан секілді мемлекеттердің бүлінуі сондай әрекеттерден шыққан болатын. Ал, пиғылы жамандар бұған Ислам дінін себепші еткісі келеді. Алайда, Ислам дінінің ондайға мүлдем қатысы жоқ. «Ислам» сөзінің өзі тыныштық, бейбітшілік, қауіпсіздік деген мағынаны білдіреді. Бұған қоса, әрбір мұсылман «ассалаумағалейкум» деп амандасады. Ол «мен саған тыныштықты, амандықты тілеймін» деген сөз. Яғни, сол «асссалаумағалейкум» мен «ислам» сөздері – бір түбірден тараған сөздер. Сонда әрбір мұсылман бір-біріне тыныштық, амандық тілейді екен. Демек, бұл – басты қағида.

 

Құдайға шүкір, біздің қазақ бірлігі жарасқан, тыныштықты сүйген халық. Табиғатымыз солай жаратылған. Мысалы, жиындарда ақсақалдарымыз еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп жатады. Бұл қанымызға сіңіп кеткен және Құранның да тәрбиесі бар. Сондықтан да бірлігі мен тірлігі бар біздің Қазақстан еліне көз алартпайтындар да жоқ емес. Пиғылы жамандардың Ислам атын жамылып, бізді де сондай елге айналдырғысы келетіні осыдан шығады.

 

Исламдағы экстремистік топтар

 Экстремизмге берілген адамдар – ауруға шалдыққан адамдар. Ол тек қана діни емес, басқа салаларда да болуы мүмкін. Рухани дертке әбден шалдыққан немесе жүйкесін жұқартқандар лаңкестік бұзақылыққа барып жатады. Дінде де осындай нәрселер бар.

Дінге ол қай жақтан келді? Кезінде бір журнал, бір газет қана болса, кейін олардың саны көбейіп, діни ақпараттық кеңестік ұлғайды. Қазір мешіттерден басқа әдебиеттер, діни сайттар жетерлік. Яғни, бұқара халыққа жан-жақтан солай әр бағытта қызмет жасалды. Дін ішіндегі көп мәселе осындайдан туындайды.

Байқасақ, көбінесе исламдағы экстремистік топтар Палестинадан шығып жатыр. Еврейлер мен османдардың дүрдараздығынан бір ұйым құрылғанын барша біледі. Міне, сол ұйымдардың өкілдіктері әр жерден ашылды. Мысалы, бүгінде тыйым салынған Қазақстандағы «Хизб-ут-Тахрир» халықаралық ұйымы сондай ұйымдардың бірі. Ал, бөтен елде пайда болған бұл ұйымның бізге не керегі бар?

Сондай-ақ, «Мұсылман бауырлары» деген ұйым бар. Орыс пен шешен арасындағы соғыс болды емес пе, сол жердегі соғыста бұл ұйым көп әрекет жасады. Ол неғып жүр бүлік салып?!

Сондай-сондай себептермен Қазақстанда емес, сырттағы кикілжіңдермен солардың топтары, өкілдері мемлекетімізге келіп, жұмыс жасаған кездері болды. Оларды қолдайтын адам керек болған соң да бейбіт елімізге келіп, іргесін салды.

Қазір елімізде мұндай халықаралық ұйымдар жіті бақылауда. Олардың бірқатары террористік деп танылып, біздің елдегі қызметіне тыйым салынды.

 

Діни ахуалымыз жақсарды

Бүгінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңға өзгерістер енгізіліп, Дін істері агенттігі құрылып, діни ахуалымыдыз едеуір жақсартып алдық. Түркіменстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы діни ахуалымыз олардан әлдеқайда жақсы. Мысалы, Өзбекстанда экстремизмге бейім топтардың жеке мешіті, шетелге шығып тәжірибе алған имамы бар. Немесе «Мұсылман бауырларымен» сөйлесе алу үшін шетелге шығып, бір-екі соғыстарға барып, қолыңа қару алсаң ғана бауыр болуға болады. Осылай елімізде Пәкістандағыдай «мұсылман бауырларының», салафилердің, вахабилердің өз мешіттері болса не болар еді?

Егер де осы бағытта кете беріп, агенттік құрылмай, дер кезінде заң қабылданбағанда, бүліктің бәрі тоқтаусыз болар еді. Қазір Қазақстанда дін адамдарының және қауіпсіздік жағының жақсы қызметінің барысында ондай денгейге жетпегенімізге шүкіршілік етемін.

Құдайға шүкір, бізде ондай болған жоқ, қай жерде мешіт ашылса діни басқарма шарттар бойынша тексерді. Кім, не мақсатта салып жатыр, оған кім тағайындалады, осының бәрі жіті  зерттеліп барып, өз мемлекетіміздің адамын тағайындауға атсалысты. Соның арқасында әр жергілікті имамдар осы бағытта халыққы ынтымақ, бірлікте қызмет етті. Сондықта да біз ұйысып тұрдық. Әлде де бірлік пен тыныштықты біріктіретін біздің дінімізді берік ұстанып, халықпен ағартушылық жұмыстар жасай бермекпіз. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"