Мемлекеттік идеология – басты қағида!

Әскерлер арасында мемлекеттік идеологияны сіңіруге, әскери тәртіп және мемлекеттік-құқықтық дайындықпен қоса, жауынгерлердің моральды-психологиялық жағдайын қадағалайтын, тәрбие және идеологиялық жұмыстарға тікелей жауап беретін әскери мамандар Алматы қаласында бас қосты. ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің арнайы нұсқауларымен ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов бастаған арнайы топ Алматы, Қапшағай, Талдықорған гарнизондарының әскери бөлімдеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстардың атқарылу деңгейін, ресми іс-қағаздарының жүргізілуін тексеріп, офицерлер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің моральды-психологиялық жай-күйлерімен танысты.

Бірнеше күнге созылған тексеріс жұмыстары барысында бірқатар жетістіктермен қоса, көптеген кемшіліктер де анықталғандығын жасыра алмаймыз. Дегенменен, әскерлер арасындағы негізгі жауынгерлік рух өз деңгейінде, Қарулы Күштеріміздің офицерлері мен сержанттары, сарбаздары ел Тәуелсіздігі мен азаматтарымыздың өмір тыныштығын қорғауға сақадай сай екендігін көрсетті.

Қорғаныс министрлігінің Әскери клиникалық госпиталінің базасында генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен өткен қорытындылау жиынына Алматы гарнизонының бастығы, Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, Алматы гарнизонында шоғырланған әскери бөлімдердің командирлері мен олардың орынбасарлары, әскерлер мен бөлім сержанттары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі офицерлер қатысты. Жиын барасында генерал-майор М.Таласов Президент Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығына тоқтала келе, бұл Жолдаудың біздің халқымыз үшін берері көп, ел игілігіне қызмет ететін бағыт-бағдар екендігін тілге тиек етті. Елбасы – Жоғарғы Бас Қолбасшысының қойған талаптарын Қарулы Күштерімізде барынша қарқынды орындалуына ат салысуға, Жолдауда айтылған «Ұлт Жоспары, 100 нақты қадам» және басқа да қабылданған шешімдерді мүлтіксіз орындауға шақырды.

Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде елімізде өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары белең алып тұр. Осындай жәйттер Қарулы Күштерімізде де бары белгілі. Қайғылы оқиғаларды болдырмау, оның алдын алу шараларын заманауи тұрғыда жетілдіру мақсатында ҚР ҚК Бас штабы – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті тарапынан «Жауынгерлік дос» атты жаңа әдістемелік көмекші құрал дайындалып, жиын барысында талқыланды. Бұл жаңа бастаманың негізгі талабы әскери қызметшілер арасындағы жауынгерлік достықты нығайтып қана қоймай, олардың бір-біріне бас-көз болуына, түйінді мәселелеріне жете көңіл бөле қарауына бағытталған. Дамыған шет мемлекеттердің әскерлерінде қолданысқа енген бұл әдістемелік құрал төл әскеріміздің ыңғайына қарай қайта өңделіп жасалған. Жиында талқыға түскен әдістемелік құралды әскери ұжым арасында тәжірибе тұрғысында сынақтан өткізу керек екендігі айтылды. Сондай-ақ ҚР ҚК Аэроұқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев командирлік ақыл-кеңесімен, кәсіби шеберлігімен бөлісті. 

Шара соңында генерал-майор М.Таласов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының 2016 жылғы 20 наурыздағы кезектен тыс сайлауының маңыздылығына тоқтала келе, барлық әскери қызметшілерді аталмыш науқанға бір кісідей қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалануға шақырды.

Лейтенант Ербол Игісінов,

61993 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"