Дамудың басты бағдары

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауында әлемдік дағдарыстан туындаған еліміздегі экономикалық және қаржылық дағдарысқа қарсы бағытталған страгетиялық міндеттерді айқындап берді. Олар – өсім, реформалар және даму.

Елбасы барша қазақстандықтарға үндеуінде дәл қазіргі уақыттағы әлемдік саяси ахуалға, қауіпсіздік мәселесіне, сонымен қатар экономикалық дағдарыс тақырыбына да нақты баға берілді.Әлемді жайлаған дағдарыстың қоғам дамуына қиындық туғызатындығын тілге тиек еткен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тығырықтан шығу жолындағы бес міндетті атап берді. 

    Төрткүл дүниеде орын алып жатқан аласапыранды жағдайлар мен қарулы қақтығыстарға бейбітсүйгіш Қазақстан халқының да алаңдаушылық білдіретіндігі анық. Еуропаға бет алған босқындардың легі толастар емес. Әлем бойынша әр жердегі лаңкестік әрекеттер де Жұмыр жердегі адамзат баласының тыныш өмір сүруіне кедергі келтіріп, жантүршігерлік оқиғаларымен үрей туғызу үстінде. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Жолдауында: «Әлем тұрақсыз бола түсті. Жетекші державалар бір-біріне қарсы санкциялар енгізді. Олардың арасындағы сенім күрт төмендеп кетті. Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік және Орта Африка өңіріндегі тұрақсыздық пен дау-жанжалдар кең ауқымды босқындар ағынына апарып соқтырды. Әрбір күн террорлық актілер мен ондаған адамдардың қаза тапқандары туралы хабарлар жеткізуде. Бүгінде халықаралық терроризм әлемге елеулі қатер төндіріп тұр» - деп жеткізді.

    Жолдаудағы Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Бәріміз - біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз.» - деген ұранды да, жанға қуат берер сөзі егеменді еліміздің айбынды армиясы сапындағы әрбір әскери қызметшінің отансүйгіштік сезіміне жігер қосатындығы даусыз. Елбасы «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясында: «...тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана алға басамыз» деп, жеткізген болатын. Ал, біздер – ел қорғандары өз тарапымыздан «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» дейтін халқымыздың нақылын әр кез есте ұстап, Елбасының жолдауда айтқан: «рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік» - деген сөздерін жадымыздан шығармайық дегім келеді. Мақсатымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясының жүзеге асыру асыру барысында алға қойған «100 нақты қадам» ұлттық жоспарды іске асырып, Мәңгілік Ел идеясының салтанат құруын қамтамасыз ете отырып, қуатты армиясы бар Тәуелсіз Қазақстан елінің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарынан орын алуы.

    Олай болса, өз тарапымыздан Қазақстанның қорғаныс қабілетін арттыру мәселесін айрықша назарда ұстап тұрған Жоғарғы Бас қолбасшымыздың, алға қойған міндеттері мен тапсырмасын орындаудағы сенімін Отан алдындағы мінсіз қызметте жоғары жауынгерлік әзірлік арқылы өз үлесімізді қосамыз деп сендіргім келеді.  

  

      Подполковник Жасұлан Жақыпов,

 «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты

06708 әскери бөлімінің командирі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"