Н. Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалды.

Мемлекет басшысы 2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары аясындағы негізгі жұмыс бағдарының бірі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік және экономикалық мәселелерге маңыз берді. Мәселен, «Нұрлы жол» ауқымындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды шапшаңдату үшін 2016 жылы 76 млрд. теңге, ал тұрғын үй құрылысын ынталандыруға 360 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Осы орайда айта кетер жайт, жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 53 млрд. теңге бағытталмақ. Мұның бәрі 2016 жылы қосымша 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді және еліміздегі ішкі жалпы өнім өсімін арттыруға үлес қосатын болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"