Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі қызметіне ресми түрде кірісті

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі қызметіне ресми түрде кірісті деп хабарлайды 24.kz.

Еліміз бұл міндетті 2018 жылдың соңына дейін атқармақ. Аталған миссия Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етуге, отырыс шақыруға және талқыланатын күн тәртібін түзуге құқық береді. Сонымен бірге, республикамыз үшін өзекті мәселелерді көтеріп, әлем назарын аударуға мүмкіндік туып тұр.

Еске сала кетейік, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып 2016 жылдың 28 маусымында сайланды. Біздің кандидатураны 138 мемлекет қолдаған. Қазақстан – әлемдік маңызы зор ұйымның саяси органына сайланған Орталық Азиядағы алғашқы ел.

Сонымен қатар, халықаралық қауымдастықтың Бас хатшысы ауысты. Пан Ги Мунның орнына Антонио Гутерреш келді. Тоғызыншы Бас хатшы 5 жылдық мерзімге арналған басым бағыттарды белгілеп, ең басты міндет Сириядағы әскери қақтығысқа нүкте қою екенін мәлімдеп те үлгерді.

Сондай-ақ, Гутерреш Біріккен Ұлттар Ұйымын қайта құрылымдауға ниетті. Мұндай шаралар әлем қауымдастығының ұйымға деген сенімін нығайту үшін қажет.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"