Бүкілармиялық сержанттар кеңесінің кеңейтілген отырысы

"Жас ұлан" республикалық мектебінде Қарулы Күштердің басшылық  құрамы әскери ведомствоның басшысы Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен оқу-әдістемелік жиын шеңберінде VII Бүкілармиялық сержанттар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға жоғары және орта буыннан 140-тан астам сержант қатысты. Отырыс барысында сержанттар құрамының ағымдағы міндеттері бойынша және оларды даярлау жүйесін дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

"Әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда сержанттық құрамның рөлі айрықша. Сарбаздарды оқыту мен тәрбиелеу, ішкі тәртіпті сақтау, сабақтар мен қызмет барысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үдерістері көшбасшы қасиеттеріне ие жоғары кәсіби сержанттарсыз мүмкін емес", - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, отырыста Қарулы Күштердегі сержанттық құрамның қызметі мен оларды оқыту және жауынгерлік даярлау жұмыстарына қатысты қорытындылар, әскери тәртіптің жағдайы, кадр жұмысының нәтижелері шығарылды. Аталмыш іс-шараның соңында ҚР Қарулы Күштерінің сержанттық құрамына 2019 оқу жылында жүктелетін міндеттер туралы айтылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"