Әлемнің үздік мергендері бас қосады

2018 жылғы тамыздың 20-ы мен 25-і аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында мергендер жұбының «Алтын үкі – 2018» VIII халықаралық сайысы өтеді.

«Алтын үкі» кубогына әлемнің 11 елінен, яғни, Ауғанстан, Белоруссия, Бельгия, Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан, Ресейдің үздік атқыштары бақ сынасады. Бақылаушылар ретінде сайыстарға Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея мен Түркияның өкілдері қатысады. Бес күн бойы оқ ату шеберлері әртүрлі қашықтықтардан, жылдамдықтан, әртүрлі нысаналар бойынша оқ атудан, күндізгі және түнгі уақытта жүріп өтілген жерде бүркемелеу мен бағдарлау машығынан күш сынасады. Алдағы жарыстар «Алтын үкі – 2018» сайысының өткізілуі тарихында ең ауқымды болып табылатынын атап өтуге болады. Кейбір елдер алғаш рет қатысқалы отыр.

«Алтын үкі» халықаралық сайысы 2008 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын және үнемі өзінің ерекшелігімен айрықшаланатынын естеріңізге сала кетейік. Сайысты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде АҚШ, Иордания, Белоруссия, Ресей және әлемнің өзге елдерінің мергендер сайысына бірнеше мәрте қатысқан қазақстандық атқыштардың қатысу тәжірибесі ескерілді. Мергендер өнерінің Азиялық форумы аясында өткізілетін «Алтын үкі» кубогының ойнатылуы мықты кәсіби байланыс орнату және сайыс қатысушылары арасында тәжірибе алмасу міндеттерін жүктейді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"