Зымыран әскерлері мен артиллерия күні аталып өтті

19 қарашада Қазақстанның Қарулы Күштерінде Зымыран әскерлері мен артиллерия күні аталып өтті.  Аталмыш кәсіби мейрам – бұл мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі тапсырмаларын шешуде әскери мамандардың еңбектерінің елеп-ескерілуінің белгісі.

Зымыран әскерлері мен артиллерия ҚР ҚК-ның әскер тегі ретінде ҚР Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен құрылды. Қазақстан армиясының ЗӘА қарсыласты атыспен қырып-жоюда тапсырмалардың негізіг көлемін орындайтын Құрлық әскерлерінің негізгі жойқын күші болып табылады. Аталмыш әскер тегінің ерекшелігі жоғары маневрлік, дәлдік, жыл, тәулік мезгілі, ауа райы және өзге де жағдайларға соққы мен атыстың тиімділігінің тәуелді болмауы болып табылады. ЗӘА тактикалық зымырандар құрамаларынан, гаубицалық, зеңбіректі, реактивті және танкіге қарсы артиллериядан, артиллериялық барлаудан, минаатқыш және танкіге қарсы бөлімшелерден құралған.  ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерияның жеке құрамы әртүрлі қазақстандық және халықаралық оқу-жаттығуларға қатысып, жауынгерлік және дене даярлығының жоғары деңгейін паш етіп жүр.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"