Зиянды өтеу

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 8-бабында көзделгендей, азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектiлерiнiң құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге тиiс. Егер азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, ол мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуынан өзіне келтірілген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Алдымен моральдық зиян түсінігіне тоқталайық, моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы танылады.
Ал, жол-көлік оқиғасы салдарынан болған залалды өндіру құқығы кімге кімге берілген, яғни автокөлік иесіне немесе оны басқарған тұлғаға ма ? деген сұрақтарға жауап бере кетсек, құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi. Сол себепті, ол құқық тек автокөлік иесіне ғана тиесілі.
Өз тәжірибемізде кездескен істі алайық. Сотпен қаралған істің мән-жайына келсек, әскери қызметші «Уаз» автокөлігін басқарып келе жатып, ауа -райының қолайсыздығына байланысты рульді басқара алмай, металл қоршауға соғуға жол берген. Содан кейін, өзіне қарама-қарсы бағыттан келе жатқан «Тайота» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көлік құралының иелеріне материалдық шығын келтірілген.
Сотта талап қоюшы әскери бөлімнен, оған келтірген матриалдық залал сомасы 1148277 теңге мен сот шығындары 143 000 теңгені өндіруді сұраған. Сот шешімімен талап толық көлемде қанағаттандырылған. Сот шешіміне жауапкер өкілінен апелляциялық шағым келтірілген. Апелляциялық соттың қаулысымен шешім өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылған.
Моральдық зиян тек жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылған жағдайда ғана өндіріледі (мысалы денсаулыққа келтірілген зиян болса). Ал залал тек автокөлікті қалпына келтіруге байланысты болған жағдайда моральдық зиян өтелмейді. Ол туралы Азаматтық кодекстің 951-бабының 4-тармағында көрсетілген, яғни азаматтың мүлiктiк құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайды.
Зиян мөлшерін айқындау қағидаларының 11-тармағына сәйкес, жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілі зиян мөлшері туралы есепті алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде онда жүргізілген зиян мөлшері есебінің нәтижелерімен келісетіні не келіспейтіні туралы белгі қояды. Сақтандырушы айқындаған зиян мөлшерінің нәтижесімен келіспеген кезде жәбірленуші (пайда алушы) зиян мөлшерін бағалау нәтижелерін заңсыз деп тану туралы жеке талап арыз беру арқылы, не болмаса сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талаптарды сотта қарау барысында оны даулауға құқылы. Сот осындай дау туындаған кезде сот сараптамасын негізсіз тағайындауды болдырмау мақсатында сақтандырушының Зиян мөлшерін айқындау қағидаларында қамтылған талаптардың сақталуын тексереді, қажет болған жағдайда іске маманды қатыстырады.
Азаматтық кодекстың 952-бабының талаптары бойынша моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледі. Ақшалай өтемақының мөлшері құқыққа қарсы әрекет жасалғаны және оның зиян келтірушіге келтірілген салдары үшін жауапкершілік шарасы болады. Сот ұсынылған дәлелдемелерді әділеттілік өлшемдерін негізге ала отырып бағалайды және моральдық зиян мөлшерін анықтау барысында таратылған мәліметтер сипатын, олардың таратылу шегін, жауапкер кінәсінің түрін, материалдық жағдайын және басқа да назар аударарлық мән-жайлардың бәрін ескереді.
Азаматтық процестік кодекс талабына сәйкес, моральдық зиянды өндіру туралы талап қанағаттандырылғанда сот талапкер арыз берген кезде төлеген немесе төлеуге тиіс болған мемлекеттік бажды жауапкердің есебінен талапкер пайдасына немесе жергілікті бюджет кірісіне өндіреді. Осы ретте мемлекеттік баждың көрсетілген сомасы моральдық зиянды өтеу туралы қанағаттандырылған талаптың мөлшеріне пропорционалды түрде өндірілуге жатады. Егер талапкер мүлiктiк сипаттағы және моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды бiр талап арызда қойса, онда мемлекеттік баж мәлiмделген әрбiр талап үшiн бөлек-бөлек төленеді. Ал, абырой, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды қаржылай өндіру туралы талап қою бағасы өндіріп алу талап етілген сомамен айқындалады.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төраға м.а А.Каиров

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"