Заманауи казарма пайдалануға берілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 30217 әскери бөлімінде заманауи талаптарға сай салынған казарма пайдалануға берілді.

Жаңа қонысқа көшкен мерзімді қызметтегі сарбаздарды «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штабтар бастығы полковник Талғат Қабдыбекұлы Исмаилов, әскери бөлімнің командирі подполковник Бекболат Шошақов, сарбаздардың ата-аналары атынан Маржан Башаева, «Әскери құрылыс»АҚ өкілі Боранбай Зиенов құттықтады. «Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. Заманауи талаптарға сай келетін, сарбаздарға қолайлы үй-жәйдың ашылуымен баршаларыңызды құттықтаймын! Армиямыздың айбынды да қуатты болуы дені сау, көңілі тоқ, киімі бүтін сарбаздарға байланысты деп білемін. Себебі, әр сарбаздың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында салынған сәулетті казарма біздің жауынгерлік даярлығымыздың шыңдалуына өз себебін тигізеді деген ойдамын. Барлық сарбаздардың атынан үлкен алғысымды білдіремін. Бейбітшілік заман болсын, еліміз аман болсын!» деді қатардағы жауынгер Ағаділ Бикбердиев.

   100 адамдық казарма құрылыстың заманауи талаптарына сай келеді. Жарық та кең. Ауданы 900 шаршы метрді құрайды. Бас-аяғы үш айдың ішінде салынған құрылыстың сапасына ерекше мән берілді. Мұнда дивизион штабы, жауынгерлік әзірлік бұрышы, спорт бұрышы, дивизион командирінің, батарея командирінің, взвод командирлерінің кабинеті, канцелярия, қойма, ақпараттық-тәрбие жұмысының, жуынуға арналған және қару-жарақ сақтау бөлмелері бар.

 Подполковник Медеу ДҮЙСЕНБАЕВ, 30217 әскери бөлімі 1-ші артиллериялық дивизионының командирі: «Жаңа қоныстың 1-ші артиллериялық дивизионға бұйырғанына өте қуаныштымыз. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына, ҚР Қорғаныс министріне, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына қамқорлығы мен қолдауы үшін алғысымызды айтамыз».


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"