Ұшатын танк әскери мақсатта қолданылады

Жаңа технологияның дамуы қарулы күштер техникасының қарқындауына алып келуде. Еуропалық Одақ елдері ұшқышсыз ұшақты ұлттық қорғаныста қолданып жатса, Ұлыбритания әскері «Формула-1» технологиясымен жабдықталған танкпен қаруланып жатыр.

 Ал Kickstarter алаңында жақында пайда болған жаңа жоба да әскери мақсатқа ие. B-Unstoppable – ұша алатын танктың прототибі. Екі түрлі қозғалыс құрылғысын біріктірген жаңа танк жерде де, әуеде де жылдам әрі еркін қозғала алады. Танк көкте 9 минут тоқтаусыз ұша алса, жерде 18 минут қозғалу мүмкіндігіне ие. Литий полимерінен жасалған қуат жинақтағышының қуаты сағатына 900 миллиАмпер болып отыр. Одан бөлек, әмбебап үлгідегі танк өз бағытын бір орында тұрып-ақ 360 градусқа өзгерте алады. Жаңа өнімнің әзірге кішкене нұсқасы ағымдағы жылдың қазан айында таныстырылмақ.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"