Ұрпақ сабақтастығы әскердің дамуындағы маңызды фактор

Қазақстан халқының бірлігі, Отан қорғаушы және Жеңіс күндерін мерекелеу қарсаңында  Тұңғыш Президент – Елбасы мұражайында Қорғаныс министрлігі басшылығының, Қарулы Күштердің ардагерлер кеңесінің, әскери оқу орындары курсанттарының, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында ел мен әскердің нық дамуын қамтамасыз ететін ұрпақтар сабақтастығы «Ел үмітін Ер ақтар» атты іс-шараның негізгі тақырыбы болды.
Кездесуге қатысушылар ел Қарулы Күштерінің құрылуына, қалыптасуы мен дамуына Тұңғыш Президенттің қосқан үлесін атап өтті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 7 мамырындағы Жарлығымен Қарулы Күштерін құрды. Оның басшылығымен армия тәуелсіз мемлекеттің ажырамас негізі, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығының кепілі бола алды.
Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамы бекітілді. Армия соңғы үлгідегі қару-жарақ және әскери техникамен жабдықталған. Басқарудың барлық деңгейінде әскери кадрлар даярлаудың ұлттық жүйесі құрылды. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері шешілді.
Қазіргі кезде де Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қарулы Күштерді назардан тыс қалдырған емес. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бола тұра, Тұңғыш Президент елдің қорғаныс қабілеті мен армияның әрі қарай дамуын қамтамасыз етудің басты бағыттарын әзірледі.
Кездесуге қатысушылар елдің қазіргі Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының Елбасы жолын дәйекті және тиімді жүзеге асырылуын жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев армияға ауқымды қолдау көрсетіп келеді. Ол әскерлердің оқу-жаттығуларына, Қорғаныс министрлігі алқаларының отырыстарына қатысады. Қарулы Күштерді жетілдіру жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, әскери қызметшілермен кездесулер өткізеді.
Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев кездесуге қатысушылар алдында ұрпақтар сабақтастығының әскерді дамытуда маңызын атап өтті. Аға буын берген үлгі-өнегенің арқасында бүгінде әскери қызметшілер жоғары әскери шеберліктің, үйлесімділік пен жауынгерлік дағдының үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті. Жас және болашақ Отан қорғаушылардың батылдық, табандылық, кәсіби шеберлік пен Отанға деген сүйіспеншілік тұрғысында ардагерлерден алар тәлімі мол.
Іс-шара соңында қонақтарға арнап Тұңғыш Президент мұражайында экскурсия ұйымдастырылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"