Универсиаданың Алау эстафетасы бастау алды

Астанада 25 қаңтар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы бастау алды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада додасында ел намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тіледі.

«Құрметті жас достар, спортшылар! Бүгін жастар үшін үлкен мереке. Еліміздің ең басты университетінде бүгін Универсиада алауы жағылады. Осы төрт-бес күннің ішінде осы Алау бүкіл Қазақстанды шарлап шығып, елдің спортшыларымызға деген тілегін, арманын қабыл аласыңдар. Сондықтан ол жеңіске жетуге көмегін тигізетін болады», – деді Елбасы.

Елбасы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының капитаны биатлоншы Дәулет Раxымбаевқа еліміздің Туын табыс етті. Эстафетаның жалпы ұзақтығы 12 шақырымды құрайды. Алауды барлығы 60 алаугер алып жүреді, олардың арасында танымал спортшылар мен Астананың қоғам  қайраткерлері бар. Алаугерлердің бірі Данияр Елеусінов, ол Рио-де-Жанейрода өткен 31-ші жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Сондай-ақ, боксшы Василий Левит те Эстафета алауын Астана көшелерімен алып жүрді. Ол – Рио-де-Жанейрода өткен 31-ші жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Алаугерлер қатарында сонымен қатарында Әлібек Наурызбайұлы да бар. Ол гір спортынан спорт шебері, 2015 жылғы Әлем чемпионатының күміс медаль иегері. Мөлдір Мекенбаева — 2016 жылы Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионы, «Arlan Grip Selection» халықаралық турнирінің жеңімпазы, бразилиялық джиу-джитсу бойынша ҚР чемпионы.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"