Универсиада қарсаңында әскерилер ағылшын тілін меңгеріп алды

2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші қысқы Универсиада кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскерилер ағылшын тілін үйренді.

«Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінде Алматы қаласында өтетін 28-ші қысқы Универсиада кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін келісімшарт бойынша еңбек ететін әскери қызметшілер мен мерзімді қызметтегі сарбаздарға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушылары мен магистранттары ағылшын тілінен курстар өткізді», - деп жазады «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Ведомствоның атап көрсеткеніндей, өткізілген курстардың мақсаты - әскери қызметшілерді ағылшын тілінің қарапайым қарым-қатынас  тіліне үйрету.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында Алматы қаласында өтетін 28-ші қысқы Универсиада ойындарына әлем елдерінен келетін туристерге қала ішінде адасып кетпеуге, белгілі бір бағытты нұсқап жіберуге қолғабыс ететін болады.

Айта кетейік, аталмыш спорттық шара кезінде Ұлттық ұланның мыңнан аса жауынгері қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын күзететін болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"