Ұлттық қорғаныс университетінде офицерлердің шығарылымы өтті

Бүгін қашықтықтан оқу курсын сәтті аяқтаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттарына дипломдар табыс етілді.

Түлектерді Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов құттықтады.
- Оқу барысында университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы өзінің барлық білімімен және тәжірибесімен бөлісті. Университеттің бүгінгі түлектері туралы өз ісінің шеберлері, елінің шынайы патриоттары және лайықты Отан қорғаушылары деп айта алатынымызға сенімдімін, - деді университет бастығы.  
Ұлттық университеттің дипломдарын қашықтық технологиялар бойынша білім алған 18 магистрант және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бағдарламасы бойынша күндізгі бөлімде оқыған Армения Республикасы қарулы күштерінің екі офицері алды.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"