Ұлт көшбасшысы ұлықталды

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде салтанатты жиын өтті деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

   ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалған соң, бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Думан Біләлов әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Ол Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының іргетасын қалаудағы және мемлекет пен ұлттық қауіпсіздік стратегиясын дамытудағы еңбек жолын баян етті. Қазақтың ел болып, еңсесін түзеуі, Сарыарқаның төріне Астананың көшірілуі, түрлі ұлт пен ұлыстың бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі , әрі мемлекет тарапынан қорғанысты одан әрі күшейтуге қажетті қаражат пен қамқорлықтың бөлінуі – тұңғыш Президенттің маңдай тері екенін айтты. Қазақстанның азат, зайырлы және демократиялық ел атанып, саяси тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы үлесі туралы да әңгімеледі. Н.Әбішұлының қызмет жолындағы түскен суреттері слайд арқылы жеткізілді.

Ұлт көшбасшысын ұлықтауға негізделген жиында Семей қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Юрий Осьмаков, капитан Семсер Махабыл, сержант Самал Мусина сөз сөйледі. 2016 оқу жылының қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында ҚР Қорғаныс министрінің марапатына ие болған капитан Семсер Махабыл, аға лейтенанттар Едіге Қалмырзаев, Думан Абдыкәрімов және Нұржан Мұсаипов жеке құрамның құрметіне бөленді. Бірқатар әскери қызметшіге мақтау грамотасы табыс етілді. Салтанаттың соңында әскерилер «Мемлекет жетекшісі» документальді фильмін тамашалады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"