Үздік мамандар марапатталды

Гвардейск гарнизонының «Мәтібұлақ» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 12-ші танктік бригадасының 1 танктік, мотоатқыштар батальондарының далалық шығуы барысында атыс даярлығы бойынша практикалық сабақтар өткізілді

Т-72, ЖҰМ-2 қару-жарақтарынан бақылау ату жаттығуын орындау кезінде үздік мамандарды анықтау бойынша жарыстар өткізілді. Жарыс Т-72 көздеуші-операторы, ЖҰМ-2 көздеуші-операторы, ЖҰМ-2 жауынгерлік машина командирі, артиллериялық шебер, радио-мастер, механик-жүргізуші мамандықтары бойынша жүргізілді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов, жарыс қорытындысы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шыққан үздік мамандарды грамотамен және сыйлықтармен марапаттады.

Жарыс қорытындысы бойынша келесідей орындар анықталды. Т-72 танктің үздік көздеуші-операторы номинациясында бірінші орын қатардағы жауынгер Сайлау Арманға бұйырса, екінші орын қатардағы жауынгер Имангелді Мұқтарға тиесілі болды. Үшінші орынды қатардағы жауынгер Таңжарық Ахметов иеленді. Ал ЖҰМ-2 үздік командирі аталымында сержант Оңдасын Ринат үздік деп танылды.

ЖҰМ-2 үздік көздеуші-операторы номинациясында бірінші тұғырды қатардағы жауынгер Кыдырбай Бағлан еншіледі. Екінші орын қатардағы жауынгер Уәлихан Шүкірәліге бұйырса, қатардағы жауынгер Жарасхан Әлішер үшінші орынды місе тұтты. Аға сержант Денис Самоваров үздік радио шебері номинациясымен марапатталды. Ал үздік артиллериялық шебері аталымын 3-сынып сержанты Серік Кутманбетов жеңіп алды.

Үздік Т-72 танкінің механик-жүргізуші номинациясында қатардағы жауынгерлер Жасұзақ Оңғалбаев, Сәду Тағабай, Ирисбек Сантаевтар бірінші, екінші, үшінші орындарды өзара бөлісіп алды. Үздік техник номинациясымен 3-сынып сержанты Ерхан Жүсіпов наградталды. Т-72 қару-жарағынан 1 бақылау ату жаттығуын өткізу нәтижесі бойынша танк роталары арасында бірінші орын 1 танк батальонының 1 танк ротасына бұйырса, екінші орын – 2 танк ротасы, үшінші орын 3 танк ротасына тиесілі болды. Сол сияқты ЖҰМ-2 қару-жарағынан 1 бақылау ату жаттығуын өткізу нәтижесі бойынша мотоатқыштар роталары арасында бірінші орынды мотоатқыштар батальонының 1 мотоатқыштар ротасы иеленді. Екінші орынды 2 мотоатқыштар ротасы, үшінші орынды 3 мотоатқыштар ротасы еншіледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"