Тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті

ШҚО тарихи-өлкетану музейінің Семейдегі «Ерлік пен Еңбек даңқы» бөлімінің қызметкерлері екінші дүниежүзілік соғыс жылдары тылда еңбек еткен ардагерлерді ардақтады.

 Өткеніміз бен бүгінімізді сабақтастырып тұрған тірі тарих – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құрметтеуге бағытталған шараға Семейдегі оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Олар екінші дүниежүзілік соғыс жылдары тылда еңбек еткен Кеңес Ғазизұлы Райымбеков, Молдыбай Жақұпұлы Мусин, Тілеубек Бейсенғалиұлы Матаев, Қырықбай Әлсейітұлы Әлсейітов, Рашида Ашрафовна Хасанованың әңгімелерін ұйып тыңдады. Жас ұрпақты әскери-патриоттық іске тәрбиелеуге күш салып жүрген қариялар қасық қаны қалғанша соғысқан бабалар есімі мен ерлігі туралы жан-жақты мағлұмат берді. Соғыс жылдары бұрынғы Семей облысынан майданға 100 мыңға жуық адам аттанды. 

Семей өңірінде 330-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының, 8-ші атқыштар дивизиясының және бірқатар әскери бөлімдердің негізі құрылды. Семейлік 53 адам Кеңес Одағының батыры атанды. 12 адам үшінші дәрежелі Даңқ орденімен, 30 мыңнан астам қандасымыз орден-медальдармен марапатталды. Майданға кеткен 100 мыңға жуық семейліктің тең жартысы еліне оралмады. Бұл жерлестеріміздің әрбір екіншісі ұрыс даласында шейіт болды деген сөз. Өкінішке орай, соғыс ардагерлерінің қатары да жыл сайын сиреп барады. Мәселен, 2010 жылы Семей өңірі бойынша Ұлы Отан соғысының 386 куәгері бар еді. Бүгін бар-жоғы 42 ардагер қалды.  

   Кеш соңында жастар Жеңісті жақындатуға қосқан ерен еңбектері үшін ардагерлерге алғыс айтты. Қалалық мәдениет сарайының көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"