Тура нысаналап атудан жаттықты

28738 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес, «Шығыс» жалпыәскери полигонында бөлімшелер мен есептоптардың ауызбіршілігін арттыру мақсатында тура нысаналап атудан жаттығу өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

   28738 әскери бөлімінің командирі подполковник Жанат Есімұлы Раскулов жауынгерлік атысқа қажетті қару-жарақтың жарамдылығы мен техникалық жағдайын тексеріп шыққан соң, атыс шабуылы жөнінде жауынгерлік тапсырманы орындауға рұқсат берді. Бұдан соң 152 мм «Гиацинт 2А36» зеңбірегінен жауынгерлік атыс жүргізілді. Қаз-қатар қойылған әскери техникалар 700-1000 метр қашықтықта орналасқан нысанаға оқ атты. Жүктелген міндетті 3-ші батареяның 1-ші зеңбіректі артиллериялық есептоп бастығы аға сержант Айдос Баяхметов, 1-ші батареяның 1-ші зеңбіректі артиллериялық есептоп аға көздеушісі аға сержант Еркебұлан Саниязов, 1-ші батареяның 3-ші зеңбіректі артиллериялық есептоп бастығы сержант Роллан Серіков жақсы атқарды. Тәжірибелік қимыл барысында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды.

   Подполковник Жанат Раскулов, 28738 әскери бөлімінің командирі: «Артиллерияның дайындық курсына сәйкес,оқпан артиллериясы жабық оқ ату позициясымен қатар, тура нысаналап оқ ату міндетін де орындады. Есептоптар152 мм «Гиацинт 2А36» зеңбірегінен 1А оттық жаттығуын жүзеге асырды. Атыс қадағалау бойынша қимылсыз мақсаттағы нысанаға жүргізілді. Осындай тәжірибелік сабақтарда есептоптардың ауызбіршілігі артады. Командирлер қаруды басқаруға, нұсқау беруге, дұрыс шешім қабылдауға дағдыланып, шеберліктері де шыңдалады».

   Майор Бауыржан Назымбеков, 1-ші зеңбіректі артиллериялық дивизион командирі: «Тура нысаналап ату қарсыластың танкілерін ату позициясында бұзып-жару жағдайында немесе броньды техникадағы диверсиялық барлау топтарының шабуылына қарсы қолданылады. Осы жағдайларла есептоп тура нысаналап атып, қарсыласты талқандауға міндетті».

   Аға сержант Айдос Баяхметов, 3-ші батареяның 1-ші зеңбіректі артиллериялық есептоп бастығы: «Мұндайда есептоптың ауызбіршілігі аса маңызды. Белгіленген нысанаға оқты дәл тигізе білу де аса шеберлікті қажет етеді. Әрбір әрекетке мұқият болу керек. Есептоптардың жауынгерлік дайындық деңгейі де жан-жақты тексеріледі». 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"