Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

44813 әскери бөлімінде 12 қараша күні Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің Бас маманы Алан Исақұл және командирдің құқықтық жұмысы жөніндегі көмекшісі майор Әлібек Манкараев әскери қызметшілер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа күрес заңнамасын» жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жалпы Әуе қорғаныс күштерінің барлық әскери бөлімдерінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы үндеуі барлық жеке құрамға жеткізіліп, кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Әсіресе, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түрлі шаралар қабылдануда. Жемқорлық – қоғамдық дерт. Сондықтан онымен күресті тек Үкімет пен мемлекеттік құзырлы органдардың міндеті деп қарамай, еліміздің әр азаматы өз борышы санауы керек. Сонда ғана жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болмақ. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. «Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі», - деп атап кетті Алан Исақұл. Сондықтан жемқорлықтың алдын алу, әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында осындай іс-шаралар өткізілуде. Мемлекеттік қызметте жүрген әрбір азамат қызметіне адал болса, бойында ар- ұят, жүрегінде иман болса жемқорлыққа ешқашан жол бермесі анық.

                                                                                    Майор Нұржан Сыздықов


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"