Түркістан облысында «Өңірлік қауіпсіздік – 2022» бірлескен оқу-жаттығуы өтуде

2022 жылғы 6-12 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға мүше елдердің әуе шабуылына қарсы қорғанысы біріктірілген жүйесінің бір бөлігі болып табылатын әуе қорғанысы күштері басқармасының арнайы автоматтандырылған платформасы базасында компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.  

Киберкеңістіктегі әскери маневрлер екі кезеңде өтеді. Бұл тұрғыда Орталық Азия өңірінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін даярлау және оларды қолдану мәселелері пысықталатын болады.
Мамандар әуедегі шартты қарсыласқа қарсы іс-қимыл бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларды жергілікті жалпы ақпараттық желіге қосылған автоматтандырылған жұмыс орындарында орындайтын болады.
– Компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығулар – көптеген елдердің әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығын жетілдіруді дамытатын бағыт. Мұндай әдіс қысқа мерзімде жағдайдың түрлі нұсқаларын моделдеуді және күштер мен құралдарды қолдануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.
Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде ӘШҚҚ күштері мен құралдарының цифрлық моделі құрылатын болады. Ал екінші кезеңде құрылған модель негізінде шартты қарсыластың әуе шабуылы құралдарына жасаған соққыларын тойтарудағы жауынгерлік тапсырмаларын орындау және кезекші күштер мен жауынгерлік есептоптардың іс-қимылдарын пысықтау жоспарланып отыр.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"