Цифрландыру арқылы әскери медицинаны түрлендіру

Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Әскери клиникалық госпиталінде Қарулы Күштер медициналық қызметінің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиыны өтуде.

Шараға әскери-медициналық бөлімдер мен мекемелердің бастықтары, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшылары басқармаларының бағыттау аға офицерлері қатысуда.
Жиын бағдарламасына әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі заңнама негіздері, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелерін зерделеу кіреді.
Әскери дәрігерлер әскери-медициналық қызметті дамытудың перспективалары мен жолдарын, сондай-ақ мекемелер мен бөлімшелерді медициналық мүлікпен және техникамен жабдықтаудың өзекті мәселелерін талқылап, кемшіліктерді талдап, 2021 жылғы жұмысты қорытындылайды. COVID-19-ға қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер де қарастырылады.
Бас әскери-медициналық басқармасы бұл жиын әскерлердің оқу-жауынгерлік қызметін медициналық қамтамасыз етуде бірыңғай қағидатты қалыптастыруға, проблемалық мәселелерді шешуде іс-қимыл алгоритмін әзірлеуге бағытталғанын айтты.
– Әскери медицина жүйесін дамыту мен жетілдіру мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету және әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдау жөніндегі шаралар кешеніндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Түптеп келгенде бұл Қарулы Күштердің ұдайы жауынгерлік және жұмылдыру тұрғысында әзір болуын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы полковник Тимур Ошақбаев.
Бүгінде әскери медицинадағы денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді ескере отырып, ұйымдастыру іс-шаралар кешені жоспарлы түрде іске асырылып келеді. Бұл әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелері мен зейнеткерлерге медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, мамандар даярлау тетіктерін жетілдіруге, бөлімшелерді заманауи жабдықтармен жарақтандыруға және олардың инфрақұрылымын жақсартуға, азаматтық денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелерін ықпалдастыра отырып, әскери медицинаны цифрландыруға бағытталған.
Қазіргі әскери медицинаға деген заман талабы оны соғыс уақытында да, бейбіт уақытта да стационарлық және далалық жағдайда қолдану үшін екі мақсатта құралдарды дамытуды қажет етуде.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Казахстан планирует закупить турецкие ударные дроны

Казахстан планирует закупить турецкие ударные дроны

БПЛА Wing Loong

БПЛА Wing Loong