Терминологияға тер төккен ғалым

Әскери терминологияның дамуына үлес қосқан, ұлағатты ұстаз жайында қалам тербемеуге болмайды. Кейіпкерім –  радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, майор Руслана Молдаспанқызы Құсаинованы бәріміз үлгі тұтамыз.

 Руслана Молдаспанқызы әскери салада қызметін Қазақстан Республикасы қызметшісі ретінде 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери ғылыми орталығында ғылыми қызметкер лауазымынан бастаған. ҚР ҚМ Әскери ғылыми орталығының әскери терминология бөлімінде ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, әскери терминологиялық бөлімінің бастығы лауазымдарын атқару барысында 2000-2005 жылдары әскери терминология саласының дамуына салмақты үлес қосты. Атап айтсақ, 2001 жылы еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі алғаш рет жарық көрген 5000 әскери терминнен тұратын «Әскери іс» орысша қазақша әскери терминдер сөздігін құрастыруға мол үлес қосты. Аталған сөздікке дейін қазақ тарихында тек 1927 жылы ғана шығарылған әскери саладағы «орысша-қазақша терминдер сөздігі» болған еді. Әскери сөздіктерді құрастырудағы еңбектерінің жалғасын 2001 жылы «Мектеп» баспасынан жарық көрген 4000-нан астам терминнен тұратын «Әскери іс» қазақ тілі терминдерінің салалалық ғылыми түсіндірме сөздігі, 2003 жылы «Мектеп» баспасынан жарық көрген «Орысша-қазақша әскери терминдердің түсіндірме сөздігі», 2004 жылы «Білім» баспасынан жарық көрген «Орысша-қазақша әскери тілдескіш» кітаптарынан көруге болады. 2005 жылы қазақ тарихында тұңғыш жарық көрген орыс тіліндегі екі томдық «Әскери энциклопедияның» құрастырылуына да елеулі үлкен үлес қосты. Жастардың білімін арттыру, ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылдануына өзіндік ықпал ететін, қазақ халқының тарихы мен бүгінгі келелі мәселелеріне арналған көптеген мақалалардың авторы. Аталған саладағы еңбектерінің жемісі 2010 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғанысы университетінің докторлық диссертациялық кеңесімен «Қазақстан Республикасының әскери энциклопедиялық еңбектерін дайындаудың тарихи тәжірибелері» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бойынша кандидаттық диссертация қорғауы еді.

2007 жылы еңбек жолын Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және баланыс әскери инженерлік институтында мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы лауазымында жалғастырды. Нақтылы саланы дамытуда институттың жеке құрамына мемлекеттік тілде дәріс оқытумен қатар, әскери салада мемлекеттік тілдің қолданылуын дамытуға бар күш-жігерін салды.

Әскери салада он жылдай еңбек еткеннен кейін 2008 жылы аталған институтта әскер қатарына шақырылып, әскери қызметін мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы лауазымынан бастап 2013 жылы институттың гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, 2014 жылдан әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті лауазымдарымен жалғастыруда.

Қазіргі таңда әйелдер қауымы ерлермен бірге барлық салада иық тірестіріп, жұмыстар атқаруда. Әскери қызметші әйелдердің еңбегі айрықша, себебі олар қызметтен тыс кезде үйдің берекесін келтіріп, отбасының жағдайын жасайтын сүйікті жар, балаларының аяулы анасы болса, жұмыс орнында– ерлермен қатар жалпы әскери жарғыларды орындаушы әскери қызметші. Соның бірі қорғаныс саласындағы әскери қызметші, жоғары білікті офицер, «1-ші дәрежелі сыныпты маман», өз ісін жақсы меңгерген, жан-жақты қасиеттерге ие ерекше тұлға майор Руслана Молдаспанқызының Шұғыла атты қызы бар. Ол да – анасы тәрізді мінезі ашық, оқу үздігі, бірқатар пәндер бойынша өткізілген олимпиадалардың жеңімпазы.

Ұлттық ой-сананың дамуы, қоғамдық қозғалыстың қуаты ұлтқа ұста болған ұстаздықта, ағартушылықта. Қазақ халқында «Өзі білу мен өзгелерге білдіру – екі басқа. Білгенін кісіге білдіру, балаларды оқыту өз алдына бір ғылым» деген нақыл сөздер бекер айтылмаған. Мемлекет жастарының білімді, алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті елдердің терезесімен тең болуы ұстаздардың берген білімімен өлшенетіні айқын. Еліміздің Отан қорғаушыларына, болашақ офицерлерге рухани тәлім-тәрбие беруде әйел-аналардың алатын орны ерекше. Институт курсанттарын білім нәрімен сусындату жолында қызмет етіп жатқан ғалым кафедра ұжымында беделді. Институт курсанттарына «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен дәріс оқиды. «Курсанттар – болашақ офицерлер. Халқын, туған жерін қорғайтын, батыр бабаларымыздың жалғасы. Ендеше, олардың бойында патриоттық рух асқақтап тұруы қажет. Патриоттық рухты көтеру тек ұранмен емес, қазақ халқының тарихын, түп-тамырын білуімен, ата-бабаларымыздың ерліктерін, құндылықтарын дәріптеп ұрпақтан-ұрпаққа жеткізумен ұштасып жатыр», -дейді ұлағатты ұстаз. Бүгінгі таңда бұл кісі әскери оқу орнында жастардың халқымыздың тарихын зерделеп, меңгеруі, ұлттық рухын көтеріп, болашаққа сенімін қалыптастыру жолында талмай еңбектенуде. Тарихи материалдарды талдау, ғылыми зерттеу бағыттарында халықаралық, республикалық жоғары оқу орындары арасында өткізілетін ғылыми теориялық конференциялар мен семинарларға курсанттарды даярлап, ғылыми зерттеу жобаларымен айналысуына жетекшілік етеді. Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында тарих ғылымына, бүгінгі күннің көкейкесті сұрақтарына қатысты ғылыми семинарлар ұйымдастырып өткізіп отырады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлы дала тарихын өнеге етіп, ел болашағын ұлттық құндылықтармен сабақтастырған, Қазақ елінің бұрынғы кейінгі жетістіктерін айшықтата көрсеткен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын зерделеу мақсатында жақында Алматы қаласы жоғары оқу орындары мен әскери оқу орындары арасында ғылыми семинар ұйымдастырып өткізгені – осының айғағы. Жастарға терең білім мен зерделі ой салатын мұндай шаралардың нәтиже берері айқын.

Болашақ жастардың қолында мемлекеттің өсіп-өркендеуі, әлемдік деңгейде танымал болуы, бүгінгі жастардың ой-өрісіне байланысты. Сондықтан бүгінгі жас ұрпақ ұлағатты ұстаздардан білім нәрін алып, озық тәжірибені бойына сіңіре отырып, болашақты нұрлы етуге атсалысуы қажет.

 

Запастағы майор Ербол ӘЛІБАЕВ

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"